Коронавирусты емдеудің тиімді әдісі табылды
Қытайлық дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамдарды емдеудің жаңа әдісін тапты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Дәрігерлер COVID-19 коронавирусымен ауырған адамдарға плазма құю әдісін қолдана бастады. Мамандар түсіндіргендей, ауруды жеңген кейбір адамдардың плазмасында коронавируспен күресуге көмектесетін қарсы денелер (антитела) табылған.

Синьхуа агенттігінің жергілікті дәрігерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, әдіс тиімді болып шықты. Бұл туралы Ухань ауруханасының басшысы Чжан Динюй баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жаңа әдістің көмегімен хәл үстінде жатқан он науқас емделіп үлгерді, деп жазады Global Times.
Просмотров материала: 0