Түркістан қыз алып қашудан көш бастап тұр
Түркістан облысы - бойжеткендері ең жиі алып қашатын өңір. Осындай жағымсыз үрдісті аймақ прокуратур өкілдері мәлім етті. Жалпы өткен жылы елімізде қалыңдыққа 210 бойжеткен ұрланған. Араларында келін болуға келіспегенді зорлағандар да бар. «Салтымыз» деген сылтаумен жасалатын теріс үрдісті қалай тоқтатамыз? Мамандар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды