
"Видео әлеуметтік желіде тараған соң, бұл жерге арнайы комиссия аттанды. Өзенге қалдықтардың қайдан құйылғанын анықтау қиынға соқпады. Жақын маңда "КарГРЭС-тің" күл төгетін полигоны орналасқан. Болжам бойынша, күл-қоқыс төгілетін аумақтағы құдықтардың бірі тесілген. Қар суымен араласып аққан қалдықтар тікелей өзенге құйыпты. Мамандар судан сыналама алып, зертханаға жіберді. Ал мекемеде кешенді тексеріс жүреді", - дейді телеарна тілшісі.
Әлібек Бекмұхаметов, Қарағанды облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
- Бүгінгі күнде апат жойылды, компанияның өзімен. Қазір су төгілмейді. Апат жерден де, Нұраның өзінен де су алдық. Шамадан тыс қандай сұйықтықтар бары екені сараптамадан соң анықталады.
Просмотров материала: 0
Комментарии