Аза тұту күні Ерейментау әкімі той тойлаған (видео)
Әлеуметтік желіде Аза тұту күні жаңа жылдық кеште көңіл көтерген аудан әкіміне қатысты видео тарады, деп хабарлайды AzattyqRyhy.

27 желтоқсан күні Алматы іргесінде ұшақ құлап, 28 желтоқсан Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Сол күні еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсіріліп, мерекелік кештер мен ойын-сауық бағдарламалары кейінге шегерілді.

Алайда, арада 10 күн өткенде Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі аза тұту күні (28.12.2019 ж - ред.) мерекелік тойға барғаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты Көкшетаудан Ерейментауға арнайы келген комиссия аудан әкімінің аза тұту күні жаңа жыл тойлағанын әшкерелеп берді. Әдеп кеңесінің отырысында әкімдік қызметкерлерінің көңілді кеш өткізгені дәлелмен айтып берген.

Бүгін әлеуметтік желілерде аудан әкімі қатысқан мерекелік кештен үзінді видео жарияланды.