Халықтың 84%-ының зейнетақы жинағы 2 млн теңгеге де жетпейді
40 жастағы азаматтың зейнетақы қорындағы салымын алу үшін, ол жерде кем дегенде 6 млн 700 мың теңге қаржысы болуы тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы өзі жиған қаражатты алуға құқылы. Министр болғаны үшін емес әрине, тәртіп солай. Ашып айтар болсақ, осы уақытқа дейін 6 млн 700 мың теңгені жинап үлгерсеңіз, үстіндегі қаржыны алып, өзіңіз жұмсай аласыз. Қазір елімізде бұл межеге жеткен 114 мың адам бар. Министрдің өзі сол тізімге енетін болып шықты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.