Түркістан әкімі ай сайын "Ашық есік күнін" өткізеді

Поделиться:
Түркістан әкімі ай сайын "Ашық есік күнін" өткізеді
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін "Ашық есік күнін" өткізді,-деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ашық есік күніне" келген азаматтардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау таныту мақсатында арнайы орталық ашу үшін жер телімін сұрады. Бірнеше азамат денсаулығына байланысты қолайлы жұмысқа орналасуына көмек беруді өтінді. Сондай-ақ шаһар тұрғындарына рухани-мәдени азық сыйлап жүрген театр қызметкерлері актерлер үйін жекешелендіру жолын қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар қабылдауда өзге де мәселелер талқыланды. Рашид Абатұлы әрбір сала басшысына айтылған мәселелердің қысқа мерзімде шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

"Халықтық әкімдік" құруды мақсат еткен қала басшысы алдағы уақытта ай сайын ашық кездесулерді ұйымдастыратынын айтып өтті.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также