Димаш пен Крутойдың қызы туралы сыбыс тағы тарады

2020-01-21 13:00:16
Димаш пен Крутойдың қызы туралы сыбыс тағы тарады
Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев қазақстандық әнші мен ресейлік композитор арасындағы шығармашылық қатынастың үзілгені туралы тағы бір қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат басылымында 25 жастағы әнші Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутой әріптестігін тоқтатады деген мәлімет жария болды.

Қарым-қатынастың үзілуіне әншінің ресейлік продюсердің асыранды қызы Викторияға көңіл білдіруі себеп болды делінген. Мәлімет бойынша, Игорь Крутой бұндай байланысқа қарсы екен.

Димаштың 2020 жылғы Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев түрлі бұқаралық ақпарат құралында тараған бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл жай ғана сыбыс емес, бұл сұмдық фейк, - деді Хизри Байтазиев. – Мен бұндай ақпаратты тарату кімге тиімді екенін білмеймін. Осыны ойлап шығарған адамдар ұялсын".

Биылғы ақпанда Димаш Ресейде үлкен концерттік турын бастайды. Бірінші концерт Краснодарда, одан кейін Қазан мен Екатеринбургте өтеді. Ұйымдастырушының айтуынша, бұл концерттер белгілінген уақытта өтеді.

 

Последние новости