Қарағандыда 10 көше атауы өзгереді

2020-01-14 07:00:19
Қарағандыда 10 көше атауы өзгереді
Қарағандыда өткен қоғамдық тыңдалым қорытындысында 10 көшенің атауы өзгеретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қала тұрғындарын айрықша толғандырып келген кейбір көшелердің атауын өзгертуге қатысты өткен тыңдалымға 1 мыңға жуық адам қатысқан.

Жиын соңында қарағандылықтардың бірауыздан дауыс беруімен Ленин көшесінің атауы – Абай Құнанбаев, Приканальная – Сарыарқа, Кривогуза – Қасым Аманжолов, Защитная – Григорий Потанин, Зональная – Александр Затаевич, Олимпийская – Нарманбет Төлепов, Волочаевская –Камали Дүйсембеков, Кувская – Қазыбек Нұржанов және Аманжолов – Балқантау көшесі болып өзгеретін болды.

Аталған мәселе алдағы уақытта қалалық және облыстық мәслихат сессияларында қаралмақ. Одан кейін Республикалық ономастика комиссиясы оң шешім қабылдаған жағдайда, тыңдалымда ұсынылған көше атаулары ресми түрде қолданысқа енгізілетін болады.

Айта кетерлігі, аталмыш жиынға көше атауларын өзгертуге қарсы топтың мүшелері де қатысқан. Олар «Көше атауларын өзгертуге қыруар ақша кетеді, одан да сол ақшаға қаланың басқа мәселелерін шешкеніміз дұрыс» деп, қарсы пікірлерін айтқан. Сол кезде белгілі кәсіпкер, «Нәтиже» сүт компаниясының басшысы Ерлан Әшім атауларды ауыстырға кететін шығынның бәрін өзі басқаратын кәсіпорынның көтеріп алуға дайын екенін мәлімдеген. Бұл жайында «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Қамбар Ахметов Facebook парақшасында жазды.
Просмотров материала: 0