Бүгінде елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Бұл қатарда отандық шоу-бизнес өкілдері де бар. Өнер мен отбасын қатар алып жүрген "жұлдыздардың" кейбірі мемлекеттен алатын жәрдемақы көлемін білмейтін де болып шықты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Көпбалалы әншілердің қатарында көш бастап тұрған жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат. Шаңырақ көтергендеріне 20 жыл болған әншілердің Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді ұлдары және кенже қыздары Аяла бар. Көптен күткен қыз баланың есімін әкесі, Қыдырәлі Болман өзі қойыпты.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір де 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Әншінің жары балаларға қаталдаумын, көбінесе оларды отағасы еркелетеді, дейді.
Мөлдір Мұқанова, өнер-білім орталағының директоры:
«Өзім тұрмысқа шыққанда күлетінмін. Тұрсекеңнің үйінде 6 бала, біздің үйде 6 бала, ол үйде 3 ұл 3 қыз, біздің үйде үш ұл үш қыз. Сөйтіп келсек соған келе жатырмыз. Үш қыз бар енді екі ұл тағы бір ұл дүниеге келіп қалса енді алтау болады. Соған қарағанда періштелер аумин деп қалған сияқты ғой».
Танымал сықақшының отбасы осыдан бір жыл бұрын бесінші сәбимен толықты. Әке жолын қуған қыздары да өнерден кенде емес, музыкалық аспапта ойнап, би де билейді. Әзілкештің жары көпбалалы ана ретінде қанша жәрдемақы алатынынан бейхабар болып шықты.

«Аламын. Білмеймін. Шын айтамын білмеймін. Карточкама түсіп тұрады. Қолданамын келген ақшаны. Есептеп өтірік айтпай ақ қояйын келесі айдың жәрдемақысын алғаннан кейін барамын да көйлек сатып аламын немесе барамын да біреуге сыйлық аламын деген сияқты ондай жоқ енді. Мен ай сайын қанша түсметінін де білмейді екенмін. Және осы күнгі көп балалы аналар қанша алатынын да білмеймін».
Халық сүйіктісіне айналған әнші Қайрат Нұртас сүйген жары актриса Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты төрт бала өсіріп отыр. Жұлдызды жұптың балалары да өнерден кенде емес. Хитменнің былтырғы жылы өткен отбасылық концертінде өнерлерімен танылған болатын. Мирас пен Құралай отбасылық өмірді жаңа бастағанда төрт жыл бойы балалы бола алмаған. Өнерлі жұп бүгінде көпбалалы ата-ана. Үнемі гострольдік сапармен жүретін олар балаларына еш алаңдаушылық танытпайды. Өйткені анасы балаларына қарап, қолғанат болады екен.
Құралай Бекжанова, әнші:
«Мирас екеуіміз құдайға шүкір анамыздың қолында тұрамыз. Сол кісінің арқасында гострольдік сапар болсын, концерт болсын осындай сьемкалар болып жатса міндетті түрде мамамыз 4 баламызды қарап қарады. Балаларымызға көбінесе тәрбиені әжесі беретін болғасын әжесінің бүкіл айтқан нәрсесі бізге заң». Мирас ұлының әке жолын қуып әнші болуына қарсы емес, ал қыздарының өнерді таңдауын құп көрмейді екен.
Мирас Бекжанов әнші:
«Мен қыздарымның өнерге жақындағанын онша қалаған жоқпын. Ертең болашақтағы жары қалай қарайды. Енесі қалай қарайды. Жалпы бірінші орында мен ойлаймын бақытты отбасы болуы керек. Сол себептен өнер кедергі келтіріп қалады ма деген сияқты кедергі келтіріп қалмасын деп қыздарымды өнерден алыстаттым».
Одан өзге "Алдараспан" театрының басшысы, актер Нұржан Төлендиевтің алты баласы бар.Танымал әншіРоза Әлқожа бес баланың анасы. China Town тобының бұрынғы солисі Динара Сұлтан жақында әлеуметтік желідегі парақшасына алтыншы баласына жүкті екенін хабарлады."МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев те көпбалалы әкелердің қатарына кіреді.Бүгінде эстрада әншісі мен жары Динара төрт баланың ата-анасы.

Просмотров материала: 19