Денис Теннің анасы полицейлерге қарсы арызданды. Оксана Теннің баласының өліміне куә болған инспекторрдың әрекетін тексерілсін деп өтініп отыр. Айтуынша, спортшының жарақат алуы олардың көз алдарында болған, дегенмен полицейлер Денис Тенге көмек өкрсетуге асықпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнасына сілтеме жасап.
Олимпиада чемпионы, фигурист Денис Тен пышақ жарақатын алғандықтан, қаза болған еді. Ол 2018 жылдың 19 шілде күні өзінің автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған қылмыскерлерді байқап қалады. Артынша қақтығыс орын алып, ұрлықшының бірі спортшыға екі рет пышақ сұғып алады. 25 жастағы Денис Тен көп қан жоғалтқандықтан мерт болды.
Бұл оқиғаның куәгеріне екі инспектор айналған. Фигуристтің анасы Оксана Теннің айтуынша, полицейлер арнайы жаттығудан өткен болса да, дер кезінде баласына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетпеген. Олардың қолдарына керекті жабдықтар да болуы әбден мүмкін дейді Оксана. Бірақ полицейлер жедел жәрдем шақыруды өтіп бара жатқан адамдарға тапсырған. Біреуі спортшыға жәбір көрсеткендерді қуа жөнелген.
Денис Теннің анасы қазіргі таңда оның баласын құтқаруға болатын ба еді соны анықтағысы келеді екен. Сол себепті ол бірнеше рет инспекторлардың әрекетін бағалау үшін құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.

Просмотров материала: 66