Аймақтардың дамуында авиация инфрақұрылымы маңызды рөл атқаратынын айтқан президент әуежайы жаңарған бірқатар қалаларды атады.

«Былтыр Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Жақында Зайсан мен Қатон-Қарағайдағы әуежайдың құрылысы аяқталады. Арқалық әуежайы қалпына келіп жатыр. Бұл жобалар аймақтың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, басқа да бірқатар саланың дамуына серпін береді. Сондықтан, бұл жұмыс өз жалғасын табады. Жалпы, Торғай аймағының әлеуметтік-экномикалық дамуы үкіметтің айрықша назарында болу керек», — деді Тоқаев.