«Соңғы жылдары онлайн алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сол үшін қауіппен күресу үшін Антифрод орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микроқаржы ұйымдары, байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтілді», — деді мемлекет басшысы.
Президент бұл мәселеге үнемі жіті назар аудару қажеттігін атап өтті. Құзырлы органдар жұмысын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Кейбір қылмыстардың алдын алатын барынша интеллектуалды жүйе құру қажет. Қажет болған жағдайда тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу ұсынылды.
Комментарии