Министрлік дерегінше, 2024 жылы 3 мыңнан аса отбасы жалған ақпарат берген, 400-ден астам отбасы табысын жасырған, ал 6 мыңға жуық отбасы тұрмыстық жағдайын тексеруге рұқсат бермеген.
Сондықтан жаңа талаптар ұсынылды. Егер отбасы
Министрлік бұл шаралар көмекті шын мәнінде мұқтаж жандарға бағыттауға көмектеседі дейді. Дегенмен өзгерістер азаматтардың несие алуына, ақша жинауына және қолма-қол қаражатқа көшуіне кері әсер етуі мүмкін.
2024 жылы айлық есептік көрсеткішке қарай 78 мыңнан астам отбасыға, яғни 413 мың адамға берілген.
Еске салайық, Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатынын жаздық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 6 баладан аз отбасы мемлекеттік төлемнен қағылады деген ақпаратты жоққа шығарған еді. Министрліктің айтуынша, өзгерістер тек тұрмысы жақсы, табысы жоғары және бірнеше үйі мен көлігі бар көпбалалы отбасыларға қатысты болмақ. Ал көпбалалы ана мәртебесіне байланысты берілетін негізгі төлемдер бұрынғыдай сақталады.
Комментарии