Инцидент Павлодар облысы Ақсу қаласындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ ERG филиалында болды. Бұл – Қазақстандағы ферроқорытпа өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі.
Компанияның мәліметінше, зардап шеккендер дереу Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген.
Кәсіпорын өкілдері оқиға бойынша мемлекеттік органдарға хабар берілгенін және арнайы тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Біз қызметкерлерімізге барлық қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз және болған жағдайдың мән-жайын анықтауда тергеу органдарына толық қолдау көрсетеміз», – деді компания басшылығы.
Комментарии