Полиция департаментінің құрғақ жауабынан білгеніміз, Шу қаласының перзентханасында болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Дәлірек айтсақ, 2025 жылдың 22 наурызында Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі (қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, ауыр зардаптарға әкелген әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.
«Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу деректері жарияланбайды», — деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті редакцияның ресми сауалына жауап бере отырып.
Марқұмның күйеуі аурухананың жертөлесінен әйелінің денесін өзі тауып алғанын мәлімдеген. Бұл жайт бүкіл елді дүрліктіріп, денсаулық сақтау саласына қатысты сын күшейе түскен еді.
Оқиғаға байланысты денсаулық сақтау министрлігі қызметтік тексеру жүргізіп, бірнеше дәрігерді қызметінен босатты. Министрлік тарапынан бақылау күшейтіліп, Шу ауруханасының жұмысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталғаны хабарланған еді.
Комментарии