ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдыбергеновтің айтуынша, жазғы туристік маусымда қосымша 11 пойыз іске қосылған.
– Қосымша 300 мың жолаушы тасымалданды. Негізінен Алакөл мен Балқаш бағытында жүр. Билеттер бойынша айтар болсам, қазір 87% билет әртүрлі онлайн сервистер арқылы сатылады. Одан бөлек, қыста, тасымал азайған кезде, біз 30%-ға дейін шығынға батамыз. Соған қарамастан, жалақы төлейміз, техникалық қызмет көрсетеміз. Яғни, мәселе маусымға байланысты. Парк жаңарғаннан кейін бұл мәселе шешіледі. Сонымен қатар, 7 айдың қорытындысы бойынша вагондардың орташа толымдылығы бар болғаны 73%. Қыста бос тұрамыз, жазда тапшылық пайда болады. Билеттер тапшылығының мәселесі… енді парк жаңартылып, үлкейгенде 2030 жылға қарай шешіледі, – деді ол.
ПОЙЫЗДАҒЫ ИНТЕРНЕТ
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық пойыздарда Илон Маск пен Ұлыбритания үкіметі ұсынған интернет қолжетімді болатынын хабарлаған едік.
Комментарии