Апелляцияның шешімі бүгін, 19 тамыздан бастап заңды күшіне енген.

Алматы облыстың сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, апелляциялық тәртіпте Ш. Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі мынандай еді:

«Сотталушы Шынасыл 60 млн теңге, Сәкиев 30 млн теңге, қалған сотталғандар мен Сәкиев бірігіп тағы 30 млн теңге өндіріп беруі керек», — деп жазылған бірінші сатыдағы сот қаулысында.

Соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданған.

«Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы арқылы үкімді өзгеріссіз қалдырды», — деп хабарлайды Алматы облыстың сотының баспасөз қызметі.