«Отырар» телеарнасының тілшілері  марқұмның жаназасынан хабар тарата отырып, оның артында қалған анасынан сұхбат алған.

«Ұлым бала күнінен-ақ тәртіпті сүйетін еді. Бәрімізді тәртіпке салып жүретін. Ақылды еді. Бала күнінен аспанда қалықтағысы келді. Ұшқан сағаттарын мыңға жеткізу үшін күні-түні ұша беретін. Солай атағын да алды. Тікұшақты жанындай сүйетін. Үйге келген сайын «анашым, аспанда құстай қалықтаймын» дейтін. Жарық жұлдызым жарқырап, ағып түсті», — дейді зар илеген ана.

Айта кетейік, Нұржігіт Үйсінбаев пен тағы екі ұшқыш мінген ЕС-145 ұшағы 25 шілде күні жоғалып кетіп, арада 15 күн өткеннен соң ғана су астынан үш адамның мәйіті табылды.