AI-ды енгізу алдымен «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген.
Оқушылар үшін Day of AI онлайн-курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары дайындалған.
Министрліктің мәліметінше, 1 қыркүйек күні 4,1 миллион оқушы мектеп партасына отырады, олардың қатарында 341 мың бірінші сынып оқушысы және 232 мың 11-сынып түлегі бар.
Комментарии