Камиль Байрамовтың парақшасында жарияланған видеода блогер Хасеновтен Дженнифер Лопестен кейін елімізге тағы бір әлем жұлдызы Шакираны шақыруды ұсынған.
«Астана концерт» продюсері әртіспен келіссөз жүріп жатқанын жасырмады.
«Мен сізге бір құпияны ашайын. Біз онымен (Шакира) келіссөз жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа, күзде аяқталуға тиіс. Жаңалық күтіңіздер», — деді Хасенов.
Естеріңізге салайық, 1 тамыз күні Дженнифер Лопес елордадағы «Астана Аренада» концерт берді. Атақты әншінің Up All Night шоуы 10 тамызда Алматы қаласында да өтеді.
Комментарии