«Әр жоғары оқу орнының жанынан арнайы цифрлық платформа құрылды. Ол отандық жоғары оқу орындарының 80%-ында бар. Айта кетейік, Нархоз және Satbayev University-де студент жатақханадан бөлмені, орынды өзі таңдайды. Ал жатақханадан орын ала алмаған студенттер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ашылған Ахуалдық орталықтың көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ Алматыда бос орын таба алмай қиын жағдайға тап болған студенттерге университеттермен бірлесе төтенше жағдайға арналған 55 арнайы бөлме дайындадық», – деді министр.

Министрдің сөзінше, жатақхана мәселесін шешу үшін елде арнайы нормативтік субсидиялар ұлғайтылған. Соңғы 5 жылда жекеменшік мердігерлер мен компанияларды тартып, 400-ден астам жатақхана салынған.

Жатақхана мәселесі бірер күнде грант конкурсының нәтижесі шыққаннан кейін өзекті бола түседі. Ал грант иегерлерінің тізімін бірнеше ресурстан көруге болады.

 

Дереккөз: https://kz.kursiv.media