«Әлем чемпионаты, Олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген, спорт мансабы тоқтаған бапкерлер мен жаттықтырушыларға спорт зейнетақысы төленеді. Егер олардың 20 жылдық өтілі болса, жаттықтырушылар мен спортшыларға 350 мың теңге ай сайын төленеді. Қазір елде 180-нен астам азамат ай сайын осы төлемді алып жатыр», — деді Жарасбаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында.