Бүгін Canon Europe компаниясы бейнемен және фотосуретпен жұмыс істейтін мамандарының артып келе жатқан қажеттіліктерін ескерумен жасалған, фокустық қашықтығы тұрақты гибридті RF қарапайым объективтерінің инновациялық қатарына1 қосылатын аса кең бұрышты RF 20mm F1.4L VCM объективін нарыққа шығаратынын жариялады. Толық кадрлы 20 мм фокустық қашықтық және жарық аз кезде күшті жарық беретін f/1.4 диафрагмамен қамтамасыз етілетін таңқаларлық өнімділік пайдаланушыларға сюжетті баяндаудағы шығармашылық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тамсандырар 94° (қиғашынан) шолу бұрышы және бар болғаны 0,2 м құрайтын ең аз фокустық қашықтық арқасында RF 20mm F1.4L VCM объективі көріністерді ширақ және ерекше етіп кадрлеуге мүмкіндік береді. Aspheric, Super UD (аса төмен дисперсия) және BR (Көк спектр рефракциясы) элементтерін, сондай-ақ кинематографиялық боке және жарқыл әсерін тудыру үшін 11 желекті диафрагманы қамтитын жетілдірілген оптикалық конструкция арқасында бүкіл кадрда айрықша кескін сапасына қол жеткізіледі.
Пейзаждардан бастап сәулет пен интерьерге дейін бастапқы кадрлар мен кең перспективаларды түсіру үшін тамаша серік болып табылатын RF 20mm F1.4L VCM кез келген жағдайда L сериялы дәлдікті қамтамасыз етеді. Оның әмбебап «бәрі біреуінде» конструкциясы түсірілім кезінде дифрагманы стоптар арасында 1/32 қадамымен бірқалыпты, шыртылсыз реттеуді қамтамасыз ететін ирис диафрагмасымен2 және барынша аз фокустық тынысы бар дыбыссыз дерлік автофокусты қамтамасыз ететін қуатты VCM3 моторымен пайдаланушыларға бейне мен фотосурет арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді.
Фокустық қашықтық қысқа болғанына қарамастан, RF 20mm F1.4L VCM Canon компаниясының басқа да фокустық қашықтығы тұрақты гибридті RF F1.4L объективтерімен бірдей дизайнға ие. Бірдей өлшем мен диафрагма, сүзгі диаметрі және түс тепе-теңдігі бірқалыпты түсіру және кейіннен өңдеу үшін осы аса кең бұрышты объективті аталмыш қатардағы қалған басқа объективтермен өзара тең пайдалануға мүмкіндік береді.
Негізгі RF 20mm F1.4L VCM мүмкіндіктері:
Canon компаниясының жаңа RF 20mm F1.4L VCM объективі және гибридті объективтерінің толық қатары туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com/lenses/rf-20mm-f1-4l-vcm/
Сілтемелер:
Комментарии