Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының әлеуметтік инфрақұрылымымен танысып, тұрғындармен кездескен көрінеді.

«Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас облыс әкіміне жер телімінің сипаттамаларын таныстырып, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын көрсетті», — деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Марат Сұлтанғазиев АЭС салып, оны одан әрі дұрыс пайдалану үшін Үлкен ауылында Индустриалды аймақ құруды тапсырған.