МӘН-ЖАЙ
Ақтау қаласының ТКШ бөлімі тендерге өтінімдерді қабылдауды 6 ақпанда ашты. Мердігерді таңдап, онымен келісімшартты 1 наурызға дейін жасасу жоспарланып отыр – келісімшарт сол күні күшіне енеді.
Бұл Қошқар-ата мұсылман зиратын, ескі және жаңа қалалық зираттарды күтіп ұстау, талап етілмеген мәйіттерді, медициналық биоматериалдарды жерлеу жұмыстарын қамтиды.
ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ
Техникалық сипаттамаға сәйкес, тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындауды талап етеді:
Сонымен қатар, мердігер қайтыс болған адамдар туралы барлық деректерді толтыра отырып, арнайы кітапқа жерлеу жұмыстарын тіркеуге міндетті.
КЕЛІСІМШАРТ
Келісімшарт 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы бұл жұмыстарды «Алтын Нұр» компаниясы атқарды, оған шамамен 11 миллион теңгеге келісімшарт жасалған екен.
Комментарии