Қазақстандық Agritech Hub компаниясы Өзбекстанның мемлекеттік тапсырысымен жұмыс істейді екен. Көрші ел отандық компанияның өнімін барлық жерде қолданып, егіс алқаптарына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар ІТ-жүйе өнімділікке, тауар бағасының динамикасына болжам жасап, суды үнемдеу мақсатында су ресурстарын бақылауға мүмкіндік береді.
«Міне, қараңдар, Өзбекстан біздің технологияны қолданып жүр», — деп назар аударды Бектенов Үкімет отырысында.
«Біз де пайдаланамыз, жұмыс істейміз», — деп жауап берді Айдарбек Сапаров.
«Толығымен қолдану керек. Бүгін осы мәселемен айналысыңдар. Неге Өзбекстан ақша бөледі, біздің «айтишниктер» оларға жұмыс істейді», — деп жалғастырды сөзін Үкімет басшысы.
«Мемлекеттік тапсырыс», — дейді Сапаров.
«Ал сендер немене? Қолданбайсыңдар ма? Суды үнемдемейсіңдер ме? Осы технологияларды пайдаланып, үнемдеңдер», -деп тапсырды Бектенов Сапаровқа.
Комментарии