Құжатқа сәйкес, ұлттық бірегейлікті кеңінен насихаттайтын жұмыс тобы құрылып, «Ұлттық Ташкент» жобасы бекітілген.

Ұлттық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шаралар қатарында:

Ташкенттің әрбір жалпы білім беретін мектепте үлгілі «ұлттық өзбек сыныбы» ашылады.

Сондай-ақ, қысқа метражды әлеуметтік роликтерді, блогтар мен флешмобтарды, ұлттық киім фестивалін, «Ташкентке қош келдіңіз» гастрономиялық фестивалін және басқа да іс-шараларды жасауға арналған «Ташкентте ұлттық бірегейлік трендте» конкурсын өткізу жоспарланған.