ТЖМ қызметкерлері 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді. Олар Өзбекістан, Тәжікстан және РФ азаматтары. Автобус сынғандықтан, әрі қарай қозғалу мүмкін болмаған.

Зардап шеккендер жоқ. Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді.