Ол жазбасында өміріне жаңа адам келгенін айтып өткен.
«Қош келдің өміріме. Менің адамым!» — деп жазды Ақботанұр Сейітмағамбет.
Ал әншінің тыңдармандары жазбасының астына түрлі пікірлер білдірді.
«Осы жігіт бағыңды ашсын», «Шын ниетіммен сізге бақыт тіледім! Өміріңіз мәнді де, сәнді болсын!», «Кім болды сонымен, қызық болып тұр. Кім болсада бақыт тілеймін», «Қойшы, Нұрсұлтан Жақсыгенге тие ме деп бәрі уайымдап жүр», «Өміріңізге келген адам, Сізді бақытқа бөлесінші, қолдауын қамқорлығын аямасыншы», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Ақботанұр Сейітмағамбет танымал актер Дәурен Айдарқұловпен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткені хабарланған болатын.
Комментарии