Алматы облысының соты сәрсенбі, 11 желтоқсан күні таңертең ерте таратқан баспасөз хабарламасында Қаржаубай Нұрымов пен оның екі туысына қатысты іс қаралғанын хабарлады.

Дәлірек айтсақ, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) Салтанат Нұрымова әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабы, 8-бөлігі) азаматтығы жоқ тұлға Бахыт Рейімова 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, одан кейін Қазақстан Республикасынан депортацияланатын болды.

Қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет танытпағаны үшін, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасап,  көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.