Кейбір мәліметтерге сәйкес, көлікте мажарлық туристер болуы мүмкін.
Китаб аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға «Тахтакарача» асуында болған. Көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан.
Қайтыс болған азаматтардың жеке басы нақтыланады. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, салонда жолаушы ретінде Мажарстан азаматтары, жүргізуші өзбекстандық болған. Қазіргі уақытта асу көлік қозғалысы үшін уақытша жабық. Қазір онда жауапты ұйымдар мамандарының арнайы тобы жұмыс істейді. Қозғалысты қалпына келтіруге қатысты қосымша ақпарат кейінірек беріледі.