Синоптиктердің мәліметінше, 10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Салдарынан нөсер жаңбыр (қар аралас жауын), 15-29 м/с дауыл желдің күшеюі, қарлы боран мен көктайғақ болады.
Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай мен жаңбыр болып, таулы аудандарда нөсер мен тұман күтіледі.
Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжануда.