«Құрылтай өткізбек»: Заитов Қазақстанда феминита қауымдастығына тыйым салуды талап етті

2024-10-09 14:27:47

Оның айтуынша, оның шыдамы шегіне жетіп, төзімі әбден таусылған.

«Бүгінгі жолданатын сауал – шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың, ащы дауысы деп түсініңіздер. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғалы есігінен доc та, дұшпан да еркін кіре бастады. Ол жасырын емес. Доспен табысып, бауырымыз бүтінделді деп қуанғанымызбен, арам пиғылдарын іске асыруға келген дұшпандар, жанымызды ауыртып жүрегімізді жұлуға сәл қалып тұр. Солардың бірегейі қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы», — деген депутат бұл ұйым ел жастарын азғындыққа шақырады дейді.

Яғни, Заитовтың пайымынша, бұл ұйым өкілдері қазір өңірлерді аралап, Алматыда құрылтай өткізуді жоспарлап отыр.

«Азғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрледі. Өйткені, аталған ұйым өңірлерді аралап, кәмелетке толмаған ұл-қыздарымызға өз насихаттарын ашық жүргізгенде, Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, ашық сұқбаттарда басқасын былай қойып тіпті, 2 аптада 50 мыңнан астам қол жинаған Бағила Балғабаеваның бастамасымен жазылған петицияға да дабыл қағып әрқайсысына 11  Мәжіліс депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ. Осыдан кейін еш жазаға тартылмасына көзі жеткен азғындар күні кеше Алматыда Құрылтай өткізетінін ашық хабарлады. Әлмисақтан ел мен жердің, ұлыс пен ұлттың тағдыры талқыланатын құрылтай деген қастерлі ұғымды осынша төмендеткенде біз неге қарап қалуымыз керек?! Мемлекет басшысының өзі үйлестірген еліміздің Ұлттық Құрылтайының  маңызы мен мағынасына нұқсан келтіретін бұл феминита азғындарына неге тоқтау жоқ?! Олардың артында кім тұр, оларға қаржы бөлетін кімдер және олардың көздеген түп мақсаты не?», — дейді сауал тастаған Заитов.

Депутаттың пікірінше, құқық қорғау органдары бұл мәселеде қол қусырып отыр.

«Малғұннан асқан мыстан жоқ, Азғыннан асқан дұшпан жоқ», – екенін естеріңізге тағы салайын ендеше. Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1 бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуларыңызды талап етеміз», — деді депутат сөзін аяқтай отырып.

 

Последние новости

09.10.2024
Сұйытылған мұнай газын әкетуге салынған тыйым тағы 6 айға созылды
09.10.2024
«Екі күдікті үйқамақта»: Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген
09.10.2024
Легендарные бразильские сериалы теперь на Иви: «Клон», «Во имя любви» и другие культовые хиты
09.10.2024
ТШО заключил пять долгосрочных контрактов с местными компаниями на сумму 400 млн долларов 
09.10.2024
В Казахстане у каждого третьего бывают конфликты в семье из-за онлайн-жизни ребёнка
09.10.2024
Антикор жемқорларды ұстап бергендерге 28,9 млн теңге сыйақы берді
09.10.2024
Арман Дүйсеновтің ұлы қаза болды: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғаған
09.10.2024
«Көңілі толмаса басқа жаққа кетсін»: Ақтөбеде 100-ге жуық зауыт жұмысшысы жалақы көтерілуін талап етіп, наразылық акциясына шықты