«АЭС-ке қазақстандық мамандар қызмет көрсетеді. Жоғары білікті мамандардың, инженерлердің пулы дайындалады. Олар осы станцияның штатында жұмыс істейді»,- дейді министр.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берген болатын.