Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер мен әскерилер бірден жұмыстан босатылады

2024-06-05 10:29:39

Түзетулерге сәйкес, қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойын ойнауға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарына 21 жасқа толмағандар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген, сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай реестріне енген азаматтар кіреді.

«Құмар ойын ойнауға өзін-өзі шектеудің максималды мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін көтерілді. Себебі бір жыл өте аз. Көбісі осы мерзім аяқталғаннан кейін қайтадан құмар ойын ойнай бастайды. Ең бастысы өз-өзіне қойылған шектеуді мерзімінен бұрын алып тастау мүмкін емес. Иә, біз ойынқұмарлардың құқығын шектеп жатырмыз деп айтатын шығар, бірақ шын мәнінде бұл лоббистердің ең сүйікті аргументі. Егер адам ойын ойнағысы келіп, мұны жасай алмаса, бұл оның жауапкершілігі. Өйткені ол өзін-өзі шектеуге келісім беріп, қол қойған кезде барлық заңды міндеттемені өз еркімен мойнына алған», — деді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев төменгі палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне де бәс тігуге тыйым салынады. Бұл шамамен 280 мың адам. Егер тыйымды бұзса, жұмыстан босатылады.

Электронды казино мен онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін заңды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. Жаза ретiнде 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 600 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылады.

Бұдан бөлек Қазақстан аумағында лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салынды. Уәкілетті органның шешімімен қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жүргізіледі.

 

Последние новости

05.06.2024
Елімізде енді энергетикалық сусынды 21 жасқа дейінгілерге сатуға тыйым салынады: Мәжіліс депутаттары түзетуді қабылдады
05.06.2024
Қостанай облысындағы үйлердің қабырғалары түсқағаздармен жабылып жатыр
05.06.2024
Су тасқынынан кейін Атырауда маса қаптаған: Әкімдік қаланы уламаған
05.06.2024
Аптасына 130 мың теңге табыс: Қазақстанда «онлайн жезөкшелік» нарығы үдеп барады
05.06.2024
Алматы қаласының бас ветеринары сотталды
05.06.2024
«14-16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр»: Әнші Бүркіт түрмедегі жастармен кездесті
05.06.2024
Бас прокуратура қазақстандықтардың шетелдегі 150 мүлкін тексеріп жатыр
05.06.2024
ТШО сократил объем выбросов на 76% и увеличил казсодержание до отметки в 71%