Президенттің айтуынша, өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек.
Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз.
Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр.
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз, – деп жазды Тоқаев.
Ulysmedia.kz қазақты қынадай қырған ашаршылық пен қуғын-сүргін тақырыбына арнап «Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр»: Ашаршылық пен қуғын-сүргін жайлы шындық айтылып болды ма» атты көлемді мақала жариялады.