Қазақстанда автокөліктерді техникалық байқау процедурасы өзгереді

Поделиться:

«Автокөлікті техникалық байқау процедурасы өзгереді, бірақ механизмі өзгеріссіз қалады. Өзгерістің техникалық байқауды «ҚазАвтоЖол» компаниясына берудің қатысы жоқ, біз қабылдайтын нормативтік құжаттарға байланысты. Заң 10 мамырда мәжілістің жалпы отырысының екінші оқылымында қабылданды. Бақылау қызметкерлері барлық жабдықтың бар-жоғын тексеріп, рұқсат береді. Бізде 900-ге жуық орталық бар, олар қайта біліктіліктен өтеді. Бұл көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр», — деді мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Марат Қарабаев.

Сондай-ақ министрге автокөлікті техникалық байқау құны қымбаттауы мүмкін бе деген сауал қойылды.

«Бұл – еркін нарық. Техникалық байқаудағы технологиялар бөлігі өзгермейді, яғни, орталықтар үшін қосымша талаптар қойылмайды. Егер оларда бұрын жабдық болмаса, демек олар заңсыз жұмыс істеп келді деген сөз», — дейді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты адам құтқаруға аттанатын ұшақтар автокөлік жанармайын құйып жүргенін айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также