Имамның сөзінше, зорлыққа ұшырайтын қыздар ашық-шашық киінген. Орамалды қыздар ғана әурет жерлерін жабатын болғандықтан, оларға қауіп жоқ көрінеді.
“Қоғамда әйелді де, баланы да, қартты, жануарды да, өлікті де, тіпті еркекті де зорлайтын — еркек! Зорлайтын адамға себеп керек емес, «таяқтың екі ұшы бар», «себеп бар», «не в том месте, не в той одежде, не в то время» дейтіндердің ойы бойынша мәйітханадағы өлі әйел қандай себеп туғызды екен деп сұрағым келеді. Өліп қалғаны себеп па? Ұялсаңыздар етті… Мешіттерге барып, уағыз, дәріс тыңдайтындар бәрі — еркек, ал оларға ұстаздар Пайғамбарымыздың (с.а.с) Сирасын тәпсірлеп отырып: «орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды» — деп отырғаны қалай? Мешіттер мен медреселерге дәріс тыңдауға келіп отырған ер азаматтарға зорлықты, қатыгездікті, сөгуді, әйелдерді киіміне қарай дискриминация жасауды үйретіп отыратын мекеме ме?”, – деп жазды коуч.
Сондай-ақ, Роза коуч мұндай имамдарға қатысты шара қолдануын сұрап, ҚМДБ басшысы, бас муфтиі Наурызбай Қажыға, ҚМБД Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Батыржан Мансұровқа, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің басшысы Ержан Нүкеновке үндеу жасады.
«Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ, қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек» деген Мемлекет басшысының талабына қарсы жұмыс істейтін имамдарға шара бар ма?» – деп наразылық білдірді психолог.