185 мың теңгеге жуық айыппұл, 20 күнге дейін қамау: Қазақстанда қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар үшін жаза қатаңдатылмақ

2024-05-22 10:30:34

 

Заң бойынша енді енді 434-бабтың жекелеген бөліктерінде «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілік қатаңдаған.

“Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді қорлағаны үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке) дейін әкімшілік қамауға алу қаарастырылмақ. Бұл заң бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталағандарға 20 (15 тәуліктен бұрын) 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар енді белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағандарға 10 АЕК айыппұл салынады.

Ал 434-бабтың 2 тармағындағы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша заң бұзушылықтар үшін жаза екі есеге ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) айыппұл көлемінде айыппұл салынбақ. Ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағандар 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айппұл төлейді.