Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың дүние-мүлкіне қатысты Нүкеновтер отбасы тексеріс жүргізу бойынша құқық қорғау органдарын өтінген. Оған қатысты петиция да жарияланды.
«Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі ІІМ қарастырғанын білесіздер. Оның қылмыстық ісінің бізге қатысы жоқ. Бүгінгі таңда бізде оған қатысты тіркелген қылмыстық іс жоқ. Ал заңсыз иеленген мүліккке қатысты тексерісті біз тұрақты түрде жүзеге асырамыз. Егер де заңсыз табыс бір жерден шығатын болса, оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз. Петицияға қатысты айтатын болсақ, оның қорытындысын күту керек, белгілі болған соң міндетті түрде хабарлаймыз», — дейді Жеңіс Елемесов.
Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.