Іс Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында қаралды. Блогер психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және тасымалдады деп айыпталды.
Іс материалдарына сәйкес, Айғаным Мырзахметова 2023 жылдың мамырында мефедронды (психотроптық зат) өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алған және оны өзімен бірге заңсыз тасымалдаған.
Полиция қызметкерлері ұстаған кезде сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркіленді.
Ұйымдастырушы 6 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші күдіктіге 3,8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Еске салсақ, 2023 жылдың соңында желіде жезөкшелер мен қыздардың клиенттерінің жеке мәліметтері бар құжаттар жарияланды.
Кейбір мәліметтер бойынша, эскорт қыздарының қызметтерін пайдаланғандар тізімінде әртістер, спортшылар, мұнайшылар, жоғары оқу орындарының басшылары, олигархтардың ұлдары және шенеуніктер болған.