«Азық-түлік бойынша біз барлық бағытта импортқа тәуелдіміз. Елдермен тауар айналымын арттыруды көздеп отырмыз, ол бойынша өте үлкен көрсеткіштер тұр. Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтынына келсек, бұл жерде көп шығыннан емес, аз табыс табудан қорқу керек. Халық қолданатын азық-түлікке келсек, оның бағалары әртүрлі. Біз өзімізді қамтып отырған салалар, яғни бәсекеге қабілетті салаларда баға да сәйкесінше болады», — деді Шаққалиев.
Министр атағандай, халық тұтынатын тауардың 54 түрі бар.
«Тұрғын толық өзінің қажеттілігін өтей алатындай түрлі азық-түлік есебі мен түрлері бар. Сондықтан өндірісті өсіріп, халықтың табысын арттыру керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», — дейді Шаққалиев.