Желі қолданушылары Бишімбаевтың бұрынғы әйелінен болған жағдаймен қалай күресіп жатқанын сұрады.
“Мен өзіңді жақсы көруді үйретемін. Әке, әрине, мәңгі әке болып қалады. Алайда ол әке деген адамды өлтіріп, өз өмірін құртып, балаларын орға жықты. Әкелерінің өз жолы бар. Балалар әкесі үшін жауап беруге тиіс емес. Себебі әкесін олар дүниеге әкеліп, тәрбиелеген жоқ. Сіз оны қолдауға және жақсы көруге міндетті емессіз. Керісінше біз ата-ана ретінде балаларымыздың алдында жауаптымыз», – деді ол.
Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан
Назым Қаһарман балаларының өз фамилиясын ауыстырғысы келетінін айтты.
Әрине олар тегін өзгерткісі келеді. Себебі бұл фамилия көпке танылып кетті. Бишімбай атаның өзі жақсы адам еді, өкінішке қарай, Қуандық арғы бабасының есімін қорлады», – деп жазды Назым.
Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті.
Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.