Мейіржан Төребаев үйінде жүр: Вайнердің не үшін босатылғаны белгілі болды

2024-05-20 14:30:31

Не болды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі Алматы аудандық сотының үкімімен бес жылға сотталған Мейіржан Төребаев №44 мекемеде жазасын өтеп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар оның сол жақта жұмыс та істейтіні айтылды.

Толығырақ

Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабының негізінде 2024 жылғы 17 мамырда Мейіржан Төребаевқа мекемеден тыс жерлерге шығу, атап айтқанда, 2024 жылғы 17 мамырдан бастап 2024 жылғы 27 мамырға дейін (жол ескеріле отырып) Алматыда 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді, –делінген хабарламада.

Қысқа мерзімді демалыс 

Еске салсақ, бұған дейін Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева күйеуінің үйде балаларымен бірге түскен видеосын жариялады. Айтуынша, Мейіржан Төребаев заң бойынша қысқа мерзімді демалысқа жіберілген.

Балалары бақыттан басы айналып жүр. Кішілері кездескеннен бері оған көптеген сұрақтарын жаудырып жатыр. Ал үлкендері бәрін түсініп, саналы түрде жанында үнсіз отыр. Жақын арада Павлодарға қайтадан оралатынын түсініп, құшақтайды. Онда Мейіржан күндіз Еңбек РМК-да жұмыс істеп, кешке мекемеге оралады, – деп жазды Есеева.

 

Последние новости

20.05.2024
Былтыр Қазақстанның курорттарындағы қонақ үйлер 130 млрд теңге пайда тапқан
20.05.2024
Түркістанда 7 жасар баланың ішінен бір уыс құрт табылды
20.05.2024
«Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр
20.05.2024
Айып тұрағының директоры мен полиция қызметкері бөтен көліктерді сатумен айналысқан
20.05.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны жағдайында қаражатты үнемдеу үшін ірі іс-шараларды өткізуден бас тартты
20.05.2024
Көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар Асылым жерленді
20.05.2024
«Алтыншысы болады”: Әнші Төреғали Төрәлі желіде жұбайымен түскен видеосын жариялап, жұртшылықтан құттықтау естіді
20.05.2024
Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге келтірілген залал өтеледі: ережелер бекітілді