Биыл Қазақстанның үш облысында шегіртке қаптайды деп болжанып отыр

2024-05-10 14:29:29

«Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биыл, 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурс жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын», — деді Бектенов үкімет отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, былтыр маусымда шегірткелердің таралу аумағының үлкен болуына байланысты осы жылы 2,5 млн га алаңда химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып отыр.

«Ең көбі Ақтөбе облысында — 784 мың гектар, Қостанай облысында — 775 мың гектар және Түркістан  облысында — 272 мың гектар алаңда таралады деп күтілуде. Өңдеу жүргізу үшін барлық қажетті ресурс бар», — деді ол.

Биыл үйірлі шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 8,1 миллиард теңге бөлінген. Пестицидтер қоры дер кезінде сатып алынды. Өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті  техникалар жеткілікті.

«Сонымен қатар, шекара маңындағы аумақтардағы шегірткелер бойынша жағдай үнемі қадағаланып отырады. Былтырғы жағдайды болдырмау мақсатында әкімдіктер шегірткелерге қарсы күрес мәселелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарауы керек», — деп атап өтті Сапаров.

 

Последние новости

10.05.2024
Үш куәгер керек: министр құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді
10.05.2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі: Алатау қаласының әкімі тағайындалды
10.05.2024
Кеңсе пышағымен бауыздамақ болған: Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасаған ер адамның қорғаушылары бапты жұмсартуды сұрады
10.05.2024
Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен ерлі-зайыпты қаза тапты
10.05.2024
Әйелін сабады деп айыпталған қазақстандық дипломаттың үстінен іс қозғалды
10.05.2024
Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты
10.05.2024
В начале 2024 года в APT-атаках по всему миру чаще всего использовались уязвимости в инструментах удалённого доступа и WinRAR
10.05.2024
«2 минутта аяқталған отырыс»: Бишімбаевтың соты 13 мамырға шегерілді