Үш куәгер керек: министр құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

2024-05-10 14:29:29

Министр құжаты бар малдың шығыны бюджеттен өтелетінін атап өтті. Ал еш жерде тіркелмеген, қағаз құжаты жоқ малға өтемақы алу үшін 3  куәгер қажет.

«Олар – көршісі, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олар барлығын дәлелдейді. Содан кейін құжат толтырады да, қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен мал шығыны өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы шығынды демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары да жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Президенттің тапсырмасы бар. Барлық шығын өтеледі», — деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Министр 138 мың 800 бас мал су тасқынынан аман қалғанын айтты.

«Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринарлар, ТЖМ – барлығы бірігіп, осы жұмысты істеді. Өлген малдың саны – 9 761. Оның 98 пайызына утилизация жасалды. Бүгінде 4 801 бас малдың шығыны өтелді,  1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасады», деді ведомство басшысы.

 

Последние новости

10.05.2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі: Алатау қаласының әкімі тағайындалды
10.05.2024
Кеңсе пышағымен бауыздамақ болған: Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасаған ер адамның қорғаушылары бапты жұмсартуды сұрады
10.05.2024
Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен ерлі-зайыпты қаза тапты
10.05.2024
Әйелін сабады деп айыпталған қазақстандық дипломаттың үстінен іс қозғалды
10.05.2024
Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты
10.05.2024
В начале 2024 года в APT-атаках по всему миру чаще всего использовались уязвимости в инструментах удалённого доступа и WinRAR
10.05.2024
«2 минутта аяқталған отырыс»: Бишімбаевтың соты 13 мамырға шегерілді
10.05.2024
Шымкентте әйел шала туған сәбиінің денесін перзентханаға тастап кеткен