«Екі қызы мен әйелін өртеп жіберген»: Дина Төлепберген тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа шыдаған әйелдің оқиғасын баяндады

2024-04-25 14:29:04

Медиа өкілі ата-аналардың қыздарын аяусыз ұрып соғатын күйеуге “ұят, қайтып келген қыз жаман” деп қайтадан қосып жіберетінін сынады.

“Қыздың қайтып келуі ұят емес – қылмыскермен қосып жіберуің ұят”
Бұл сөзімді бірден түсіну қиын шығар. Өкінішке қарай “кешірші” деген күйеуіне шабытпен барып, табытпен қайтқан жағдайлар аз емес. Осы оқиғаларға журналистік зерттеу жүргізіп, марқұмның туыстарымен сұқбаттасқанымда, көбі күрсінді, өкінді”, –деп сұмдық оқиғасын есіне алды.

Айтуынша, күйеуі екі қызымен әйелін өртеп жіберген. Көзі тірісінде жұбайы төркініне қашып кетсе де, балалары үшін қайтып барған.

“Осыдан төрт жыл бұрын батыс өңірінде болған сұмдықты зерттеп ем. Екі қызы мен әйелін күйеуі өртеп жіберген. Марқұмның әпкесі маған берген сұхбатында былай деп еді:
“Қайтып келген сіңліме күйеу балам тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деген еді. Оның сөзіне сеніп, сіңлімді қайта қосып жібердім. Балалары үшін бірге өмір сүрсін дедік. Ол шешімім үшін өкінемін. Соңында сіңлімді өлтіріп, екі қызымен бірге баспанасын да өртеп жіберді. Күйеу баладан қылмыскерге айналған жауыз өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бірақ, сол кезде қорлыққа төзбей, төркініне келген қыздың шешімін қолдап, қайтып қосылуға көндірмегенде, ана мен қыздар тірі болар ма еді?!”, деп әпкесі өкінгенін көзіммен көрдім”, – деді журналист.

Еске салайық, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлданды.

 

 

Последние новости

25.04.2024
«Өлтіріп, денесін чемоданға салған»: Дубайдағы қазақ қызының жантүршігерлік өліміне қатысты сот отырысы басталды
25.04.2024
«Мұраны ғана емес, қарызын да өз мойнына алады»: Қайтыс болған адамның несиесін кім өтеуге міндетті
25.04.2024
Атырау облысында екі бала тірідей өртеніп кетті
25.04.2024
«Үш өлімге жүргізуші де жауап беруі керек»: Алматыда автобус қағып кеткен адамдардың туысы сотта сөйледі
25.04.2024
Тоқаев үкіметке тасқын судың салдарын жою үшін бес ай уақыт берді
25.04.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: су тасқыны түптеп келгенде елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын
25.04.2024
«Атың шықпаса, жер өрте»: Тоқаев кейбір БАҚ пен блогерлерге шара қолданылатынын айтты
25.04.2024
Алматыдағы автобус апаты: прокурор сотталушыны 8 жылға соттауды сұрады