«Өлтіріп, денесін чемоданға салған»: Дубайдағы қазақ қызының жантүршігерлік өліміне қатысты сот отырысы басталды

2024-04-25 14:29:04

Соттың жабық режимде өткенін ескере келе, оқиағының қалай болғаны қысқаша баяндалды. Заң бойынша іске қатысты кейбір мәліметтерді жариялауға тыйым салынады.

2017 жылдың сңында алматылық Әнел (есімі өзгертілді) ұжымдық кеште әріптесімен танысады. Адвокаттың айтуынша, олар екі бөлек ұйымда, бірақ бір ғимаратта жұмыс істеген. Олар дос ретінде араласып жүреді. Кейін ер адамның отбасылы екені белгілі болды.

“Түсінуімше, олар араласып жүрсе де айтарлықтай жақын қарым-қатынаста болмаған. Ұзақ уақытқа созылған таныстықтан кейін ер адам қызбен тауға шығып, серуендемек болады. Сол жерде ол қызды зорлаған. Болған жайттан кейін қыз оның үстінен шағым түсіріп, сотқа берген”, – дейді заң өкілі.Өміріндегі қайғылы жағдайдан кейін Әнел Біріккен Араб Әмірлігіне кетпек болы шешеді. Ол Дубайдағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірі жариялаған бос жұмыс орын туралы хабарландыруға жауап беріп, әңгімелесуден өткен.

Қыз өте білімді еді. Екі жоғары білімі болатын, ағылшын тілінде де еркін сөйлейтін. Ол әңгімелесуден еш қиындықсыз өтіп, жұмысқа тұрды. Жұмыс берушімен келісім шартқа отырды. Қызмет көрсету саласында жұмыс істеу үшін ол қажетті талаптардың бәрін орындады: медициналық тексерістен, дәрігерлі тексеруден, әңгімелесу мен тестілеуден өтті. Жұмысқа тұрған соң БАӘ-не кетті. Содан байланысқа шықпады”, – дейді адвокат Ғалым Нұрпейісов.Алайда Әнел Instagram парақшасына геолокациясы көрсетілген сурет салғаны сол еді бәрі қайта басталды.

Ғалым Нұрпейісовтың айтуынша, 2019 жылы жәбірленушінің бұрынғы танысы Әнелді әлеуметтік желіде геолокация арқылы тауып алып, оған қоқан-лоққы жасап, хабарламалар жазған.

“Сен не келесің, не өлесің”, – деп жазған ол қызға. Әнел қайта оралмайтынын айтқан. Сөйтіп ол қыздың артынан өзі іздеп келген.

Әнел танысының ізіне түскенін білгенде жақындары мен БАӘ-дегі Қазақстан консулдығына хабар берген. Ол консулдыққа өзіне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Сондай-ақ анасы мен құрбысына хабарласып, қорқатынын айтқан. Әнелдің соңына түскен бұрынғы танысы Дубайға бос шабаданмен келген.

“Ол қыздың ізіне түсіп, әңгімеге тартып, оның жұмыс істейтін қонақ үйіне барған. Екеуінің жалғыз қалғанын пайдаланып, қызды өлтірген. Оның денесін шабаданға салып, жалға алынған көлікпен шөл далаға апарып тастаған”, – дейді заң өкілі.

2019 жылы 18 сәуірде жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып, полицияға хабар берген.

“Полиция сол жаққа барып, сараптама жасады. Өлім себебі анықталды. Қылмыскерді бұл қылмысқа қызға деген ессіз құштарлық пен ынтызарлық итермелеген. Ол жәбірленушіні қасақана өлтірді. БАӘ тергеушілері қылмыстың жоспарлы әрі қасақана болғанын анықтады”, – деді адвокат.Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін 25 мың доллар қажет болған. Алайда мұндай қаражатты Әнелдің отбасының қалтасы көтермегендіктен оның денесін кремациялап, күлі Қазақстанға жеткізілді. Сондықтан сот-медициналық сараптаманы БАӘ-нің жергілікті билігі ғана жүргізген.

Тергеушілердің айтуынша, қылмыс жасалғаннан кейін келесі күні айыпталушы Қазақстанға оралып, жасырынып үлгерген. Полиция оны ұзақ іздеді. Сол уақытта аталған қылмыстық істі Дубай полициясы жүргізіп жатқан. Жәбірленуші тараптың адвокаты Ғалым Нұрпейісов өзі Дубайға барып, оқиға орнына және қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесі табылған жерге барып, жергілікті тергеушілермен сөйлескен.

Күдіктіні ұзақ уақыт іздестіру мен тергеу әрекеттерінен кейін 2024 жылдың наурыз айының соңында Дубайдағы қазақстандық қыздың өліміне қатысты іс Алматы сотына жіберілді. Адвокатпен екі сот отырысы өтті.

“Марқұмның анасының мәлімдемесі және консулдық қызметтің растауының негізінде адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұзақ хат алмасудан кейін БАӘ іс материалдарын ағылшын және орыс тілдерінде Қазақстанға жіберді. Қазіргі қылмыстық істің негізін құраған материалдар бірінші зорлау ісін қамтыды», – деді Ғалым Нұрпейісов.Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бабы бойынша сот отырысын жабық өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылып отыр.

“Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін бе?” деген сұраққа адвокат: “Мен сол үшін қолымнан келгеннің бәрі жасаймын” деп жауап берді.

Айта кетейік, қылмыстық іске қатысты ақпаратты Қазақстанның Жоғарғы соты растады.

“Дубайда (БАӘ) қазақстандық әйелді өлтіруге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі «Зорлау» және 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бойынша қаралып жатыр. Сот отырысы «жариялылық» талаптарына сәйкес жабық режимде жүргізіледі”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.Ғалым Нұрпейісов БАӘ Қазақстан азаматын сол жерде соттауы үшін оны экстрадициялауды сұрағанын айтты. Әмірліктерде мұндай қылмыс жасағандар өлім жазасына кесіледі. Бірақ заң бойынша Қазақстан өз азаматтарын басқа елде сотта қарау үшін экстрадицияламайды.

 

Последние новости

25.04.2024
«Мұраны ғана емес, қарызын да өз мойнына алады»: Қайтыс болған адамның несиесін кім өтеуге міндетті
25.04.2024
Атырау облысында екі бала тірідей өртеніп кетті
25.04.2024
«Үш өлімге жүргізуші де жауап беруі керек»: Алматыда автобус қағып кеткен адамдардың туысы сотта сөйледі
25.04.2024
Тоқаев үкіметке тасқын судың салдарын жою үшін бес ай уақыт берді
25.04.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: су тасқыны түптеп келгенде елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын
25.04.2024
«Атың шықпаса, жер өрте»: Тоқаев кейбір БАҚ пен блогерлерге шара қолданылатынын айтты
25.04.2024
Алматыдағы автобус апаты: прокурор сотталушыны 8 жылға соттауды сұрады
25.04.2024
«Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз»: Ринат Зайытов Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді