Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Тағы бір облыста су тасыды: Жамбыл өңіріндегі ауылда ондаған үйдің ауласына су жайылды

Поделиться:

 

Жасөркен ауылынан тараған видео

Желіде тараған ақпараттарға қарағанда, кеше түнде Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында су тасыған. Түнде видео түсірген азаматтар ауылға су жайылып жатқанын жазысқан.

Әкімдік не дейді?

Облыс әкімдігінің ресми сайты өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл аталған ауылдың аумағын және оған іргелес аумақтарды тексергенін хабарлайды.

– Су деңгейі 40 см-ден 10 см-ге төмендеді. Суды айдау үшін елді мекеннің су басқан үйлерінің аумағында мотопомпалар жұмыс істеп жатыр. Тау бөлігіндегі көлбеу ағынды кері қайтару мақсатында 60-қа жуық техника жұмылдырылған. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары уақытша онлайн білім алатын болады, – делінген хабарламада.

Облыстан тараған ресми ақпараттарға қарағанда, 15 сәуірде сағат шамамен 20.00-ден кейін толассыз жауын-шашынның салдарынан көлбеу ағын пайда болған. Салдарынан Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласының аумағын, оның ішінде бір тұрғын үй мен уақытша құрылыс нысанына су кірген. Адам шығыны, мал өлімі фактілері тіркелмеген.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также