Әлеуметтік желідегі сұрақтарға жауап берген Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман Байжановқа адвокат табуға көмектескенін растады.
“Мен сауатты, қазақ тілді адвокат табуға көмектестім. Бірақ ақшасын туыстары, достары бірігіп төлеп отыр. Мен де үлесімді қостым. Екінші адвокатты мен тапқан жоқпын, төлем туралы да білмеймін”, – деді Бишімбаевтың бұрынғы жары.
Фото: instagram.com/@nazymkakharman
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев бұрынғы әйелі мен Байжановты cөз байласып өзін тонады деп айыптағаны туралы жазған едік.